"Канеломен" жекпе-жекте Головкиннің бетінен бет қалмайды - Дуглас Фишер

© sport.znaj.ua

Белгілі The Ring баслымыны? журналисті Дуглас Фишер 16 ?ырк?йекте Сауль "Канело" Альвареске ?аза?станды? Геннадий Головкинді ?алай ?ту?а болатыны туралы ?з ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Белгілі The Ring баслымының журналисті Дуглас Фишер 16 қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинді қалай ұтуға болатыны туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Канело" орта салмақтағы бір соққыдан нокаутқа түсіретін боксшы емес. Ондай болған күннің өзінде Головкиннің иегі мықты. Сонымен бірге, 16 қыркүйекте Альварес жеңеді деп ойлаймын. Жекпе-жек қабақтың жарылуына байланысты тоқтатылады. Бұл мүмкін емес жайттардың қатарынан емес. Головкин талантты және ірі Дэниэл Джейкобспен таяқ жемей 12 раунд жұдырықтаса алғанымен, "Канеломен" жекпе-жекте оның бетінен бет қалмайтынына кепіл беремін.

Сондықтан "Канело" жақын аралықта жұдырықтасады. Қолы ауыр панчер жақын келсе бар өнерін көрсетеді. Меніңше, "Канело" жақын аралықта жұдырықтасу мен қашан демалу керектігін дәл үйлестіре алса, жеңістің кілтін табады", - дейді Фишер.

Реклама
Реклама

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама