"Канелоны" ұмытыңыздар - Головкин

"Канелоны" ұмытыңыздар - Головкин © vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA Super, WBC, IBF ж?не IBO т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкин мексикалы? Сауль "Канело" Альварес 5 мамыр?а жоспарлан?ан кездесуден бас тарт?аннан кейін БА? алдында т???ыш рет с?хбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырға жоспарланған кездесуден бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы TalkSport.com спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде былай деп жазды: "Головкин" "Канело" реванштан бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сөйледі: "Өтінемін, "Канелоны" ұмытыңыздар. "Канело" - ешкім емес". 

Еске салайық, 4 сәуірге қараған түні баспасөз мәслихаты өтіп, онда Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы мексикалықтың ресми түрде бас тартуына байланысты 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеген еді. Алайда Головкин 5 мамырда әйтеуір кездесу өткізетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта кездесудің Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетіні белгілі. Алайда қарсыласы белгісіз қалып отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама