ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2020 | 14:58
Канелоның бапкері боксшының келесі қарсыласын атады
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері Эдди Рейносо спортшының келесі қарсыласының кім болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері Эдди Рейносо спортшының келесі қарсыласының кім болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, Канелоның келесі кездесуі 3 айдан соң өтуі мүмкін.
"Біз 3 айдан кейін келесі жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші орта салмақта Билли Джо Сондерс немесе Калеб Плантқа қарсы кездесу өткізгіміз келеді", - деді Эдди Рейносо Boxing Social-ға берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол мексикалық боксшының соңғы жекпе-жегіне көңілі толатынын атап өтті.
"Мен оның Смитке қарсы өткізген кездесуіне көңілім толады. Ол шабуыл жасап, жақсы қорғана білді. Мен оның жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Себебі, біз жеңіске жете білдік. Канело салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшы екеніне күмәнім жоқ. Ол спорттық мансабын аяқтаған кезде бокс тарихындағы ең үздіктердің қатарында болады", - дейді Эдди Рейносо.
Айта кетейік, WBO чемпионы Билли Джо Сондерс 4 желтоқсанда
жекпе-жек өткізген еді. Ол 3 айдан кейін Канелоға қарсы жұдырықтасуға дайын болуы мүмкін. Алайда 30 қаңтарда IBF чемпионы Калеб Плант Калеб Тройға қарсы титулын қорғайды.
Сонымен қатар, Канело Головкинмен 3 рет жұдырықтасуға қарсы емес екенін атап өтті.
Еске салайық, 2017 жылдың күзінде GGG мен Канело бірінші кездесуін өткізіп, тең түскен. Ал 1 жылдан кейін төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также