ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2022 | 10:13
Канелоның Биволдан жеңілуі Головкинмен трилогияға пайдалы - промоутер
Ресейлік Дмитрий Биволдың (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңуі Канело мен қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) трилогиясына пайда әкелді. Бұл пікірді ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн iFL TV арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канело - Головкин трилогиясы туралы айтар болсақ, бұл әлі де үлкен жекпе-жек. Қазір Головкинмен жекпе-жек бұрынғыдан да ауқымды бола түскені өте қызық, өйткені қазір халық Геннадийдің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар деп санайды. Бұған дейін "Ой, ол қазір 39 жаста, қазір 40-та, ол бұл жекпе-жекте жеңе алмайды" дейтін. Қазір халық бұл жекпе-жекке қарап: "Жарайды, Головкиннің мүмкіндігі бар шығар" дейді. Демек, бұл - Биволмен реванш сияқты үлкен жекпе-жек", - деді Хирн.
Еске салайық, "Канело" Биволдан жеңілгенге дейін Головкинмен трилогия қыркүйекке жоспарланған болатын. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста (АҚШ) жекпе-жек өткізген: біріншісі тең аяқталса, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также