14 мамыр 2019 09:30

"Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші кездесудің болатынына сенімді

Дина Муратова Редактор
© Фото: boxingscene.com

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гомес орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC, WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасында үшінші жекпе-жектің болатынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осыған дейін қарсыластар Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында кездескен.

Реклама
Реклама

Алғашқы жекпе-жек 2017 жылы тең нәтижемен аяқталған. Ал, бір жыл өткеннен кейін мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңген. Бұл жеңілістен соң Головкин WBC, WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулынан айырылып қалды. 

Осыдан кейін мексикалық боксшы Головкинді үшінші жекпе-жекке шығуға татымайды деп айтқан.

"Меніңше, екі боксшының да қайтадан кездесуге қызығушылықтары бар. Головкин де тарихқа атын қалдырғысы келеді, сондықтан да ол Канелоны жеңбей демалысқа кетеді деп ойламаймын. Осылайша, Головкин қарсыласымен қайтадан рингке шығу үшін бәрін жасайды", - деді Гомес Sky Sports телеарнасына.

4 мамырда Лас-Вегаста  "Канело" төрешілердің шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF титулын тартып алды. Енді ол абсолют чемпион болу үшін WBO тиутлын жеңіп алу керек. Ол титул қазіргі уақытта Деметриус Андрадеге тиесілі (27-0, 17 КО). 

Айта кетейік, Головкин  "Канело" мен Джейкобстың жекпе-жегін тамашалап, ол бокс кешін қызықсыз өтті деді.

Уалихан Қосанбай

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram