ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2019 | 13:40
"Канелоның" рингке қашан оралатыны белгілі болды
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо "Канело" рингке қашан оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо "Канело" рингке қашан оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Канело" мамырда қандай салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатынын шешуге әлі біраз уақыт бар. Әлі бес ай бар. Оған 160 не 168 фунтта жұдырықтасу қиын емес. Біз DAZN және Golden Boy-мен сөйлесіп, қай қарсыластың келетінін шешеміз. Жекпе-жек анонсы 15 қаңтардан кейін шығады", - дейді Рейносо.
Айта кетейік, "Канеломен" жекпе-жекке шығуы мүмкін деген үміткердің бірі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Ол мексикалық боксшымен трилогия жасағысы келген. Олардың алғашқы жекпе-жегіндегі нәтиже бойынша тең түсіп, ал рематчта судьялар жеңісті мексикалыққа берген.
Показать комментарии
Читайте также