ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2019 | 09:44
Қарсыласы өзгерген Мадияр Әшкеев титул үшін жекпе-жектен қағылуы мүмкін
Бірінші орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) қарсыласы өзгерді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірінші орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) қарсыласы өзгерді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басында қазақстандық боксшы 33 жастағы америкалық Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) жұдырықтасады, боксшылар бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы титулын сарапқа салады деп хабарланған.
Енді BoxRec мәліметі бойынша, Әшкеев мексикалық Фернандо Кастанедамен жекпе-жек өткізеді. Мексикалық боксшының еншісінде 26 жеңіс (17 КО), 13 жеңіліс пен бір тең нәтиже бар. Он раундқа жоспарланған бұл кездесуде титул сарапқа салынар-салынбасы белгісіз, бұл туралы ешқандай ақпарат берілмеген.
Жекпе-жек 9 қарашада Гавайан Гарденс (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтеді.
Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізіп, украиналық Игорь Фаниянды төрешілер шешімімен жеңген.
Ал Кастанеда рингке соңғы рет биыл ақпанда шыққан, сол кезде багамалық Туреано Джонсонмен (21-2-1, 15 КО) тең түскен.
Показать комментарии
Читайте также