18 желтоқсан 2020 10:28

Кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев алғаш рет жеңіліс тапты

Мадияр Әшкеев. Сурет: Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Он раундқа жоспарланған кездесу тоғызыншы раундттан соң тоқтатылды. 

Реклама
Реклама

Бокс кеші Лос-Анджелес қаласындағы Wild Card Boxing аренасында өтті. Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу кештің басты айқасы болды. Онда бірінші орта салмақтағы USNBC және USBA титулдары сарапқа салынды. Біріншісі - қазақстандықтікі болған, екіншісі - оның қарсыласына тиесілі.

32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокстағы 15-ші кездесуінде алғаш рет жеңіліс тапты. Ол қалған 14 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен еді. 7 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал жеңіліп көрмеген 23 жастағы Конуэлл бүгін 14-ші кездесуін өткізді. Ол он жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. 

Еске салайық, бұған дейін салмақ өлшеу рәсімі өткен еді. Екі боксшының да салмағы 69,9 болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram