16 ақпан 2019 | 13:10

Қатарынан 14 жеңіске жеткен қазақстандық боксшы жеңіліс тапты

Камила Долаева Журналист

Бірінші жартылай орташа салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов алғаш рет кәсіби рингте жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірінші жартылай орташа салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов алғаш рет кәсіби рингте жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Хосе Луис Родригес болды. Жекпе-жек Малвернада (Канзас штаты, АҚШ) Kansas Star Karuna аренасында өтті және сегіз раундқа созылды. Қорытынды бойынша төрешілердің көбі тең жекпе-жекті есептеді. Екеуі 76-76, тағы бірі 77-75 есебімен жеңісті мексикалық боксшыға берді. 

Реклама
Реклама

32 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіби карьерасындағы 15-ші жекпе-жек болды. Бұған дейін Эюбов барлық кездесуінде жеңіске жетіп, 12 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. 32 жастағы мексикалық спортшы да бірінші рет жұдырықтасуында тең нәтиже көрсетті. Оның еншісінде 25 жеңіс (13 нокаутпен) және 12 жеңіліс (төрт нокаутпен) бар. 

Айта кетелік, Эюбов бұған дейін рингке былтыр маусымда Детройтта шығып, жетінші раундта техникалық нокаутпен америкалық Николас Гивананы жеңген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная