18 қыркүйек 2022 13:17

"Қателік болған шығар". Головкин Канелодан жеңілісінің себебін түсіндірді

©Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Стратегиялық тұрғыда жекпе-жекті ақырын бастағаным қателік болған шығар. Ол айқасты қалай жүргізетінін, қалай өрбіте бастайтынын көргім келді. Екеуміз де жеңіл, барлаудан бастадық. Алайда бұл созылып кетті. Ал енді қыза бастағанда кеш болып кетті. 

Жеңіліп қалдым деген сезім жоқ, одан ауыр із де жоқ. Жағдайым жақсы, бойым энергияға толы. Бәсекелі айқас болды, екінші бөлігінде қарсыласымнан жақсырақ болғандаймын.  

Жеңісін төмендеткенім емес. Ол жеңді. Бірақ ол мықтырақ немесе жылдам болды деп айта алмаймын, керісінше. Жекпе-жектің екінші жартысында ол күш пен жылдамдық жоғалтты. Ол мені таңғалдырмады", - дейді Головкин баспасөз жиыны кезінде. 

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Реклама
Реклама

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram