ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2018 | 14:33
"Қазақ бауырларыммен". Сергей Ковалев чемпион болатын қазақстандық боксшыларды көрсетті
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қазастандық Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен бірге түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қазастандық Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен бірге түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік боксшы қазақстандық әріптестерін болашақ чемпиондар деп жазды: "Boxing Laboratory залында қазақ бауырларым және болашақ чемпиондар Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен".
Айта кетейік, Ковалев, Нұрсұлтанов және Әшкеевтің ісін менеджер Эгис Климас және промоутер Кэти Дува жүргізеді.
25 жастағы Нұрсұлтанов қазанда алғаш рет чемпиондық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен америкалық Джамар Фриманды жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBC белбеулер желісіне кіретін NABF Junior нұсқасы бойынша Солтүстік Американың "жастар" чемпионы атанды. Бұл тоғызыншы жекпе-жегіндегі тоғызынышы жеңісі болды, жеті кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.
30 жастағы Мадияр Әшкеев соңғы рет тамызда колумбиялық Эдуардо Флореспен (26-30-4, 15 КО) жұдырықтасқан. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл қазақстандықтың он жекпе-жегіндегі тоғызыншы жеңісі, оның алтауы нокаутпен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
????????С братьями казахами????????по цеху и будущими чемпионами мира @meiirim01 и @madiyarashkeyev на тренировке в @boxing_laboratory ???????????????? #KRUSHER #alvarezkovalev #olimp #Олимп #дружбанародов #бокс
Публикация от Sergey KRUSHER Kovalev (@sergeykrusherkovalev) 27 Ноя 2018 в 3:47 PST
Показать комментарии
Читайте также