"Қазақ еліне тағы бір чемпион керек". Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

"Қазақ еліне тағы бір чемпион керек". Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) чемпиондық жекпе-жек үшін жоғары дивизионға өтуге дайын, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) чемпиондық жекпе-жек үшін жоғары дивизионға өтуге дайын, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы боксшының өзі instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

Реклама
Реклама

"Қазір 168-дегі WBC чемпиондық белбеуі бос тұр. 160-та ешқандай чемпион шықпаса, салмақты көтеріп сол вакант титулға жұдырықтасуға дайынбыз. Кіммен және қай салмақта болса да бізге тезірек чемпион болу керек. Мақсатымыз сол. Уақыт келді. Біз дайынбыз. Қазақ еліне +1 чемпион керек!", - деп жазыпты Әлімханұлы. 

Айта кетейік, екінші орта салмақта бокс тұрған WBC титулы үшін ұйым шешімі бойынша мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және түркиялық Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) жұдырықтасады. Жәнібектің көздеп отырғаны да осы белбеу.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама