"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды © twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті батыл мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол екінші орта дивизионда WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Twitter желісіндегі парақшасында мексикалық жұлдызды оңай жеңетінін жазды.

"Егер "Канелоны" ешкім жеңе алмайды деп ойлсаңыздар, онда қатты қателесесіздер, онда бәріңіз ұйықтап жүрсіздер. Өтінемін, ояныңдар. Мен оны оңай сабаймын. 2021, QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - дейді боксшы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Альварес 2021 жылы басқа қазақстандықпен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Таяуда Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Каллум Смитті жеңгеннен кейін рингте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Альварес ешкімнен қашып жүрмегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама