12 наурыз 2020 10:02

Қазақстан құрамасының боксшылары екі "алтын" алғанымен, Өзбекстанға жол берді

© olympic.kz

Қазақстан құрамасының боксшылары иорданиялық Амманда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының боксшылары иорданиялық Амманда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан қоржынына алтын медальді 21 жастағы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит салды. 

Реклама
Реклама

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрдәулетов финалда аустралиялық Пауло Аокусоны төрешілер шешімімен жеңді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport) 11 Мар 2020 в 11:21 PDT

Ал Левит (91 келіге дейін) финалда Жаңа Зеландия боксшысы Давид Никтен басым түсті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport) 11 Мар 2020 в 12:07 PDT

Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін) мен Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін ) турнирдің күміс медалін тақты. 

Зәкір Сафиуллин. © olympic.kz

Әбілхан Аманқұл. © olympic.kz

Екі "алтын" алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық көрсеткіште екінші орын еншіледі. Бірінші орынды Өзбекстан құрамасы алды - олар үш алтын және үш қола медаль жеңді. 

Аммандағы турнирде қазақстандық тоғыз боксшы Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды: Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және 19 жастағы Надежда Рябец. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram