ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2023 | 11:44
Қазақстан мен Өзбекстан жұлдыздарының супердуэлі: бокстан әлем чемпионаты 1/4 финалының кестесі
Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшыларының ширек финалдық жекпе-жектерінің кестесі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшыларының ширек финалдық жекпе-жектерінің кестесі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Рингке 7 спортшы шығады. 13 салмақ дәрежесінің әрқайсында үздік төрттікке жету үшін жекпе-жек 2-сессияда өтеді - Астана уақытымен 15:00 және 19:00-де.
Күннің басты жекпе-жегі ауыр салмақтағы жұлдыздар арасындағы тартыс болмақ: қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен кездеседі.
Қазақстандық боксшылар қатысатын 1/4 финал
Күндізгі сессия
57 келіге дейін: Серік Теміржанов - Сайдель Иван Орта Родригес (Куба);
71 келіге дейін: Асланбек Шымбергенов - Макан Траоре (Франция);
80 келіге дейін: Нұрбек Оралбай - Хусейн Эйшаиш Ишайш (Иордания).
Кешкі сессия
48 келіге дейін: Санжар Ташкентбай - Казума Аратаке (Жапония);
54 келіге дейін: Махмуд Сабырхан - Мохаммед Амаду (Гана);
67 келіге дейін: Дулат Бекбауов - Мигель Анхель Мартинес (Мексика);
92 келіден жоғары: Қамшыбек Күнқабаев - Баходир Жалолов (Өзбекстан).
Турнирдің тікелей эфирі Qazsport телеарнасының ресми сайтында көруге болады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) турнирден шығып қалған болатын. Одан бөлек, Ташкенттегі жекпе-жекті Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін) аяқтады.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты Ташкентте 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр, финалдық кездесулер 14 мамырда өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также