24 қыркүйек 2019 14:53

Қазақстандық боксшы әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін пәтер алды

© boxing2019.com

Ресейде бокстан өткен әлем біріншілігі-2019 жарысында алтын медальды қанжығасына байлаған қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ақтау қаласында екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды, - деп хабарлайды "Маңғыстау ТВ".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде бокстан өткен әлем біріншілігі-2019 жарысында алтын медальды қанжығасына байлаған қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ақтау қаласында екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды, - деп хабарлайды "Маңғыстау ТВ".

Чемпион мен оның бапкері Марат Жақиевті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қабылдады. 

Реклама
Реклама

Боксшының бірінші бапкеріне үш миллион теңгелік сертификат табысталды, ал оның қазіргі жаттықтырушысы Жақиевке - бес миллион теңге берілді. 

Айта кетейік, Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз алтынның иесі атанды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы - Бекзат Нұрдәулетов мен бапкері Марат Жәкиевті қабылдады. Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовке қала ортасынан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Алғашқы бапкеріне 3 млн тг. және бүгінгі бапкеріне Марат Жәкиевке 5 млн тг. сертификат табысталды. Толығырақ бүгін сағат 20:00 де кешкі жаңалықтардан және mangystautv.kz біздің ресми сайтымыздан көре аласыздар

Публикация от Маңғыстау телеарнасы (@mangystautv) 23 Сен 2019 в 11:56 PDT

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram