02 ақпан 2021 18:33

Қазақстандық боксшы әлем чемпионының міндетті қарсыласы атануы мүмкін

Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official/

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) суперорта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті қарсылас болуы үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) атануы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесу сәуір немесе мамырда өтеді. Ал бұл кездесудің жеңімпазы IBF белбеуінің иегері, америкалық Калеб Планттың (21-0, 12 КО) міндетті қарсыласы болады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ербосынұлы IBF рейтингінде алтыншы орында, Шведенко бесінше сатыда тұр. Ал рейтингтің үшінші сатысында тұрған америкалық Калеб Труа (31-4-2, 19 КО) болса, қаңтарда төрешілер шешімі бойынша Планттан жеңіліп қалған.

Еске салайық, отандасымыз кейінгі кездесуін 16 желтоқсанда өткізіп, ганалық Исса Самирадан басым түскен. Бұл кездесуде Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін сақтап қалған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram