Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан болатыны айтылды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан болатыны айтылды Фото: instagram/ali_akhmedov_officialpage

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) ресми мәлімдеді.

Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өнер көрсетеді, ондағы басты жекпе-жек Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасында болады.

Жарнама
Жарнама

25 жастағы Ахмедовтың қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора, ол өткізген 18 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен, оның 13-ін нокаутпен аяқтаған. Жекпе-жек 12 раундқа есептеліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама