11 шілде 2019 | 12:47

Қазақстандық боксшы "Канело" промоутерлерімен келісімшартқа отырды

Руслан Мәдиев (сол жақта) және Геннадий Головкин. © RingNews24

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Мәдиев жаңа промоушеннің атынан 13 шілдеде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park арненасында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін болады. Оның қарсыласы филиппиндік 32 жастағы Рики Сисмундо (35-13-3, 17 КО) болады. 

Реклама
Реклама

Жекпе-жек 8 раундтан тұрады. Кешті ұйымдастырушылар -  Golden Boy компаниясы. Бұл компанияның танымал клиенті екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО).

Мәдиев 2018 жылдың қыркүйегінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол кезде қазақстандық боксшы Лас-Вегаста  мексикалық Пабло Сезару Каноға (32-7-1, 22 КО) ұпай саны бойынша есе жіберді. 

Айта кетейік, 2015 жылдары Мәдиев Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) бір залда жаттығу жасаған. Екеуін де Абель Санчес жаттықтырған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная