12 қараша 2020 | 09:33

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде WBC титулын иеленді

Фото: twitter.com/MTKGlobal

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет орта салмақта WBC International белбеуінің иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет орта салмақта WBC International белбеуінің иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл титул Құлахмет пен ұлыбританиялық Маклей Макгоуен жекпе-жегінде сарапқа салынған. Кездесу Йоркширде (Англия) MTK Global және TOP Rank ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегі аясында өтті.

Реклама
Реклама

Жекпе-жек он раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Құлахметке берді. Қазақстандық боксшы жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген. Ал сегізінші раундта төреші ережеге сай емес шабуылдады деп санап, одан ұпай алып тастады.

Айта кетейік, бұл қазақстандықтың тек екінші жекпе-жегі болатын. Ол биыл жазда дебютін Алматыда өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Тұрсынбай - әуесқой бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылғы Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная