ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2020 | 18:01
Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайындықты қайда өткізетіні белгілі болды
Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жектеріне арналған жаттығу лагері қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 10 ақпан Алматыда жаттыға бастайды. Бірінші жаттығу жиынынан кейін қазақстандық кәсіпқойлардың келесі жекпе-жектерінің орны мен уақыты белгілі болады.
Айта кетейік, Жаңабаев жарақат салдарынан 21 желтоқсанда Красноярда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эрнесто Эспаномен (30-2-1, 25 КО) белгіленген жекпе-жекке шыға алмады. Осы шоуда Ербосынұлы өзге венесуэлалық боксшы Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) нокаутқа түсірді.
Еске салайық, Ербосынұлында екінші деңгейлі WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia белбеулері бар. Ал Жаңабаевта аймақтық WBA Inter-Continental мен WBO Oriental титулдары бар. Екі боксшының да ісін Suleimen Promotions компаниясы жүргізеді.
Показать комментарии
Читайте также