23 сәуір 2019 | 14:10

Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңді

© ҚФФ

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген.

Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен.

Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады.

69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды: Теміртас Жүсіпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная