ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 тамыз 2020 15:46
Қазақстандық боксшы үшжылдық үзілістен соң рингке оралып, қарсыласын бірден нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұсәділов рингке соңғы рет 2017 жылы шыққан еді. Сол жылы қарашада Мексикада бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Боксшы рингке үшжылдық үзілістен соң оралды.
Америкалық Калифорния штатындағы Венисте өткен бокс кешінде Мұсәділов жергілікті Квинтелл Томпсонмен жұдырықтасқан. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу