04 қараша 2021 | 14:52

Қазақстандық боксшыға Англиядағы жекпе-жегі қарсаңында белгісіз біреулер шабуыл жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/viktor.boxerkz

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Коточиговке Саутгемптонда өтетін жекпе-жекке дайындық кезінде шабуыл жасалып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Коточиговке Саутгемптонда өтетін жекпе-жекке дайындық кезінде шабуыл жасалып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшының айтуынша, белгісіз біреулер оның бөлмесіне басып кіріп, "қышқыл" шашқан, кейін ол бірнеше күн ауруханада жатуға мәжбүр болған. Жекпе-жек 11 желтоқсанға жоспарланған еді.

"Англиядағы оқу-жаттығу жиыны біраз сәтсіз болды. Қысқаша айтсам: 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуды бастадым. Төрт күн өтті. Бір күні үйде ұйықтап жатқанымда есік сыртынан дыбыс естілді. Біреу құлыпты ашуға тырысып жатты. Мен атып тұрып пышақ алмақ болдым, бірақ ас үйде шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе болмады. Есік ашылды да бірнеше адам кіріп келді. Ойланбастан төбелеске дайындалып тұрғанымда олар маған қышқылға ұқсас сұйықтық шашып жіберді. Мен денем ауырғандықтан еңкейіп қалдым, ал олар тез шығып кетті. Бірінші жаттықтырушыны шақырдым. Ол түнде келіп, мені ауруханаға апарды, қамқорлық жасады, сол үшін оған мың алғыс!

Бірнеше күн ауруханада дәрігерлер бақылауында болдым. Ешкіммен жанжалдаспадым, кімге керек болғанын білмеймін. Бар түсінгенім, жаттығу жиындарына сенімді жерлерге бару керек екен", - деп жазды Коточигов Instagram-парақшасында.

Реклама
Реклама

MTK Global менеджерлері "қазақ патшасы" деп атаған Коточигов кейінгі жекпе-жегін 12 наурызда өткізіп, ұлыбританиялық Гэри Каллиден нокаутпен жеңіліп қалды.

Бұл қазақстандықтың қатарынан екінші және мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін ол Дубайда тағы бір ұлыбританиялық боксшы Макси Хьюзден жеңіліп, WBC International титулынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная