Қазақстандық боксшылар Лондонда қарсыластарын нокаутпен жеңді
Қазақстандық кәсіби боксшылар Нұртас Әжбенов пен Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында болған бокс кешінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық кәсіби боксшылар Нұртас Әжбенов пен Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында болған бокс кешінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 24 жастағы Әжбенов бірінші раундта 35 жастағы хорват Анто Накичті нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіби жекпе-жектегі екінші кездесуінде жеңіске жетсе, қарсыласы мансабында 18-нші рет жеңіліс тапқан.
A post shared by Nurtas Azhbenov ???????????????????????????????? (@azhbenov.nurtas) on Dec 14, 2018 at 1:53pm PST
2014 жылғы жастар чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Зауырбек өзінің үшінші кездесуінде хорват Антонио Хорватичті уақытынан бұрын жеңді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы кездесу де бірінші раундта нокаутпен аяқталды.
pic.twitter.com/QFCnkQADQO
— Sultan zaurbek (@SultanZaurbek) 14 декабря 2018 г.Әжбенов пен Зауырбек MTK Global менеджерлік компаниясымен биыл маусымда келісімшарт жасасты. Ұйымның басты жұлдыздары орта салмақтағы Билли Джо Сондерс пен супер ауыр салмақтағы Тайсон Фьюри.
Қандыағаштық Нұртас Әжбенов. © instagram/azhbenov.nurtas
Шымкенттік Сұлтан Зауырбек. © instagram/team_sultan_zaurbek
Қазақстандық кәсіби боксшылар 26 қазанда алғашқы жекпе-жектерін өткізген еді. Ол кезде Әжбенов никарагуалық Элиджио Паласиосаны ұпай саны бойынша жеңді. Зауырбек никарагуалық Хосе Агилардан басым түсті. 24 қарашада Монакода Зауырбек тағы бір никарагуалық Джонсон Теллесті нокаутқа түсірді.