Қазақстандық боксшының Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі сәтсіз аяқталды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қазақстандық боксшының Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі сәтсіз аяқталды Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін, 30 наурызда, Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионаты басталды. Қазақстан атынан бірінші болып рингке Жазира Орақбаева шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Бүгін, 30 наурызда, Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионаты басталды. Қазақстан атынан бірінші болып рингке Жазира Орақбаева шықты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшының қарсыласы 2,25 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері солтүстік кореялық Ким Бёль Ан болды.

Орақбаева алғашқы екі раундтан кейін ұпай саны бойынша алда келе жатқан, бірақ финалдық кезеңді аяқтай алмады.

Реклама
Реклама

"Жазира шешуші раунда жарақатына байланысты айқасты тоқтатуға мәжбүр болды", - делінген Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстанның бокс құрамасы турнирге ерлер мен әйелдер арасындағы барлық салмақ дәрежесінде қатысады.

Жеребе нәтижесі бойынша еліміздің төрт өкілі кем дегенде қола медаль алады, өйткені жарыс жолын бірден жартылай финалдан бастайды. Бұл Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары).

Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі — Элина Базарова шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама