06 қаңтар 2021 10:12

Қазақстандық екі боксшы WBC нұсқасы бойынша үздік боксшы аталымына үміткер

Фото: © The Ring

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік боксшыларды анықтауға дауыс беруді бастады. Үміткерлердің ішінде қазақстандық екі боксшы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорт порталының мәліметінше, үміткерлердің қатарына кәсіпқой боксшылар - 22 жастағы Бек Нұрмағанбет және 20 жастағы Евгений Павлов кірді. Олар "Жыл проспекті" аталымында бақ сынайды. Сондай-ақ бұл аталымда жеңіс үшін Себастьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және Габриэль кіші-Флорес үміткерлер тізімінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық екі боксшы да соңғы кездесуін 17 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізді. Нұрмағанбет техникалық нокаутпен ганалық Эммануэль Дансоны, ал Павлов филиппиндік Алие Лаурелді төрешелірдің шешімімен жеңді. 

Сонымен қатар WBC мынадай аталымдарда үздіктерді анықтайды: жыл нокауты, жыл жекпе-жегі, жыл бапкері, жыл боксшысы т.б. Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram