Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Мәскеудегі жекпе-жекте жеңіске жетті

© sports.kz

Мәскеуде "Крылья Советов" спорт кешенінде кәсіби бокс кеші өтті, онда қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек екі минуттан сегіз раундқа есептелген. Шарипова судьялардың бірауыз шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша Фируза Шарипова профи-рингтегі он екінші жекпе-жегінде жеңді. 26 жастағы қазақстандық үшін бұл 2020 жылғы екінші жекпе-жек, бұған дейін ол тамызда жұдырықтасып, танзаниялық Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Ал Сара Марьянович сегізінші рет жеңіліп отыр.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама