12 ақпан 2020 16:04

Қазақстандық нокаутшының келесі қарсыласы белгілі болды

Жан Кособуцкий. © kstnews.kz

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін 22 ақпанда Германияда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін 22 ақпанда Германияда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы қазақстандық сегіз раундтық жекпе-жекте 33 жастағы аргентиналық Маркос Антонио Аумадамен (21-8, 16 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы үшін де бұл 2020 жылдағы алғашқы кездесу.

Реклама
Реклама

Кособуцкий кәсіпқой бокста бірінші жекпе-жегін 2017 жылы өткізді. Былтыр қарашада IBO желісіндегі International Boxing Organization Inter-Continental титулын жеңіп алған. 2019 жылы ол рингке төрт рет шығып, бәрінде нокаутпен жеңген. 

Аргентиналық боксшы спорттық мансабын 2011 жылы жартылай ауыр салмақта бастаған. Кейін бірінші ауыр салмаққа өтіп, WBC ұйымының аймақтық титулын иеленген. Германиядағы жекпе-жек үшін ол үшінші рет шетелге шыққалы отыр. Мұның алдында Ресей мен ОАР-да жұдырықтасқан.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram