Қазақстандық үш бокс жаттықтырушысы коронавирустан қайтыс болды

Берік Ермағанбетов, Ақылбек Теміров пен Жеңіс Жарылғапов. © instagram/mfb_aktau

Маңғыстау облысында коронавирустан белгілі үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік бокс федерациясы Instagram пен Facebook желілеріндегі парақшасында айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында коронавирустан белгілі үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік бокс федерациясы Instagram пен Facebook желілеріндегі парақшасында айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дарынды әрі мықты жаттықтырушылар - жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров өмірден озды. Олар бокстың дамуына үлкен үлес қосты.

Ақылбек Теміров бокстан 30 жылдан аса уақыт жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ақылбек Теміровтың тәрбиеленушілері - Қазақстан чемпиондары.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысының бокс федерациясы бапкерлердің туған-туыстары мен жақындарына, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады, олардың жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама