27 қазан 2018 13:32

Қазақстандық Зәуірбектің кәсіпқой рингтегі алғашқы жұдырықтасуы мен жеңісі: жасаған нокдаундарының видеосы жарияданды

Камила Долаева Журналист
Сұлтана Зәуірбектің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингте алғаш рет жұдырықтасты деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингте алғаш рет жұдырықтасты деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы қазақстандық спортшы алғашқы жекпе-жегін Лондонда никарагуалық Хосе Агилармен өткізді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жұдырықтасу төрт раундқа созылды, нәтижесінде Зәуірбек 40:34 есебімен жеңіске жетті. 12 минут ішінде ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде 34 жастағы Агилар карьерасындағы 53-ші жеңіліске ұшырады, оның еншісінде 16 жеңіс пен төрт тең көрсеткіш бар. 

Мұның алдында сол кәсіпқой бокс кешінде тағы бір қазақстандық жігіт жартылай орташа салмақта алғаш рет рингке шыққан. 24 жастағы Нұртас Ажбенов никарагуалық Элджио Паласиосаны (7-32-5, 0 KO) ұпай бойынша жеңді. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

????Аллаx шүкір алғашқы женіс???????? #kazakhstan #shymkentcity #shymkentonline # # # @mtkglobal @mtklondon @mtkmarbella @mtkscout

Публикация от SULTAN ZAURBEK???? (@sultanzaurbek) 26 Окт 2018 в 6:36 PDT

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram