Комментатор Головкин - Брук кездесуінің нақты қай уақытта өтетінін айтты

© Reuters/Peter Cziborra

Орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF сериялары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салма?та?ы IBF н?с?асы бойынша ?лем чемпионы, ?лыбританиялы? Келл Брук (36-0, 25 КО) арасында?ы жекпе-жекті? на?ты ?ай уа?ытта ?тетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы жекпе-жектің нақты қай уақытта өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен, кештің басты жекпе-жегі бүгін Лондон қаласының 20 мың орындық О2 аренасында Астана уақыты бойынша 3:30-ға белгіленген. Бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында ресейлік белгілі бокс шолушысы әрі журналист Григорий Стангрит жазба қалдырған.

"#GGGBrook кездесуі қашан басталатынын білгілеріңіз келе ме? НВО арнасынан бүгін Нью-Йорк уақыты бойынша 17:30-да басталады, Мәскеу уақытымен 0:30-да, Астана уақытымен 3:30-да", - деді Стангрит.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Сонымен қатар, таяуда өткен салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық Геннадий Головкин Келл Бруктан жеңіл болып шықты. Жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннің салмағы 158,9 фунтты (72 келі 158 грамм) құрады, ал оның қарсыласы ұлыбританиялық босшы Келл Бруктың салмағы - 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама