Котто - Альварес кездесуін тағатсыздана күтіп жүрмін - Головкин

© boxingplanet.ru

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин пуэрторикалық Мигель Котто мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл айда екі керемет жекпе-жек бар. Роузи - Холм мен Котто - Канело кездесуін күтіп жүрмін. Келесі кім?", - деп жазды Головкин Twitter желісінде.

Айта кетейік, Котто мен Альварес 21 қараша күні Лас-Вегаста кездеседі және орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы тігіледі. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы Головкинмен жұдырықтасуға міндетті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама