ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2019 | 14:00
Ковалев Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған жағдайда кіммен жұдырықтасады
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев 2 қарашада мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ, алайда, ресейлік боксшы "Канеломен" жұдырықтаса алмай қалған жағдайға қосымша амал ойласытырып отырғанын айтады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ресейлік боксшының айтуынша, ол Артур Бетербиев - Александр Гвоздик жекпе-жегінің жеңімпазымен титулдар біріктіретін кездесу өткізуді ойластырып жүр екен.
"Альвареспен жекпе-жек өткізе алмасам, Гвоздик - Бетербиев жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасамын", - деп келтіреді боксшының сөзін Sport24.
Жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы украиналық Александр Гвоздик IBF белбеуінің иегері Артур Бетербиевпен 18 қазан Филадельфиядағы бокс кешінде жұдырықтасады.
Показать комментарии
Читайте также