ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2019 | 09:21
Ковалев жақсы ақша таба алады, ал "Канело" жайлы сөйлегім де келмейді - Головкин
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1,35 КО) мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) пен ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" - Ковалев жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар ресейлік боксшыға тиесілі жартылай ауыр салмақтағы WBO титулын сарапқа салады. Осы үшін мексикалық боксшы бірден екі салмаққа көтерілді.
"Шынымды айтсам... бұл жекпе-жек туралы не ойлайтынымды бірден айта алмаймын. Бұл Ковалев үшін жақсы жағдай, себебі қарсыласы жақсы әрі жақсы ақша табу мүмкіндігі бар. Ал "Канело" жайлы сөйлегім де келмейді", - деді Головкин журналистерге.
Головкин келесі жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) қарсы өткізеді. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салады.
Показать комментарии
Читайте также