Ковалев пен Уордтың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

© AKboxing

Roc Nation ж?не Main Events промоутерлік компаниялары жартылай ауыр салма?та?ы WBA (Super), WBO ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы, 33 жаста?ы америкалы? боксшы Андре Уорд (31-0, 15 КО) пен 34 жаста?ы ресейлік Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) арасында?ы екінші жекпе-жекті? ?ашан ?тетінін ресми жариялады.

Roc Nation және Main Events промоутерлік компаниялары жартылай ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, 33 жастағы америкалық боксшы Андре Уорд (31-0, 15 КО) пен 34 жастағы ресейлік Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің қашан өтетінін ресми жариялады.

Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу 17 тамыз күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін болады. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі арқылы ақылы көрсетіледі.

Келесі аптада Нью-Йорк, Окленд және Лос-Анджелес қалаларында екі боксшының қатысуымен пресс-тур өтеді.

Реклама
Реклама

"Екінші жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Бұл кездесуде Уорд шаршы алаңға шығады деп ойлаймын. Бокс көрермендері көптен бері көрмеген жақсы бір жекпе-жек көреді. Уордқа қарсы жекпе-жек менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін", - деп келтіреді Ковалевтің сөзін BoxingScene.com порталы.

Еске салайық, WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша Ковалев пен Уорд арасындағы бірінші жекпе-жек 20 қарашы күні Лас-Вегаста өткен еді. Ол жекпе-жектің 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен америкалық боксшы жекпе-жек жеңіске жеткен еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама