ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2022 | 09:33
"Көзілдірігіңді шеш". Головкин Канелоға үн қатты
Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жегіндегі жеңілісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Канело төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіліп, мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады, ал GGG мексикалықты өз сәтсіздігін мойындауға шақырды.
"Ол неге мұндай екенін түсінбеймін, бірақ ол адасып жүруі мүмкін. Әр жекпе-жек әртүрлі, бірақ соңғы жекпе-жегінде жеңді деген ой түсініксіз. "Биволдан жеңілген жоқпын" немесе "төрешілердің шешіміне наразымын" десе, бұған қалай пікір айтарымды білмеймін. Ол жекпе-жекте жеңдім дей ме? Қой, көзілдірігіңді шеш", - деп келтірді қазақстандық боксшының сөзін fightnews.info.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также