05 қыркүйек 2017 | 14:39

Қырымбек Көшербаев әлем чемпионатының жүлдегеріне көлік сыйлады

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Бокстан әлем чемпионатында жүлдеге ие болған қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа облыс әкімі көлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бокстан әлем чемпионатында жүлдеге ие болған қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа облыс әкімі көлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қырымбек Көшербаев Германия мен Қытайда өткен жарыстардың күміс жүлдегерлерімен кездесті. Халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізгені үшін облыс әкімі Қамшыбек Қоңқабаевқа көлікке сертификат, ал Рүстем Сыбайға - ек миллион теңгенің сертификатын, бапкерлердің әрқайсысына 500 мың теңгеден табыс етті. 

Реклама
Реклама

25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығы Гамбургте әуесқой боксшылар арасында XIX халықаралық чемпионат өткен. Онда Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және үш қола жүлдеге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша үшінші орын иеленді. Қазақстан құрамасына күмістің бірін Камшыбек Қонқабаев алып берген еді. 

Ауыратлет Рүстем Сыбай Тайбейде 29-шы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада екінші орыннан көрінді. Облыс әкімі спортшыларды құттықтап, алдағы Азия ойындары мен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада жеңіске жетуге тілектестік білдірді. 

"Еңбексіз жеңіс жоқ. Сіздердің жетістік өзгелерді ынталандырады. Сіздер еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделін сақтап қалып, бапкерлер мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар", - дейді өңір басшысы. 

2017 жылдың басынан Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 563, Азия және әлем чемпионаттарында 53 жүлдеге қол жеткізді. Облыс спортшыларынан ұлттық құрама сапына 420 адам кірді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная