Қытайлық қарсыласын нокаутқа түсірген Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына шықты

Қытайлық қарсыласын нокаутқа түсірген Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына шықты Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Төрехан Сабырхан жартылай финалда қытайлық Пейчен Ванды жеңді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Бокстан қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Төрехан Сабырхан жартылай финалда қытайлық Пейчен Ванды жеңді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан турнирдегі жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Төрехан бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокдаунға түсірсе, екінші кезеңде мұны тағы үш мәрте қайталады.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде төреші қытайлық боксшының нокаут алғанын тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты.

Еске сала кетейік, бүгін Азия чемпионатының таңғы сессиясында Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан моңғолиялық Хархуу Билгүүнсайханнан күтпеген жерден жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі Ертуған Зейнуллинов те жарысты қола медальмен аяқтады.

Төреханнан бөлек, финалға Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец және Дина Исламбекова да жолдама алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама