Лас-Вегаста Головкин - "Канело" жекпе-жегінің атрибутикасы қаншаға сатылып жатыр?

© Тұрар Қазанғапов

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес арасында?ы жекпе-жекке арнал?ан киімдер шы?арылып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке арналған киімдер шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл жейде, телпек пен толстовкаларды MGM Grand аренасындағы бутиктерден алуға болады. Онда барлық ресми шара өтіп жатыр. Телпек құны - 35 доллар. Жейденің құны 35-пен 40 доллар аралығында, ал толстовканы 60 долларға алуға болады. 

Әзірше сатып алушылар арасында үлкен бір дүрбелең жоқ, себебі барлығы ресми түрде осы ғимаратқа салмақ өлшеу рәсімі күнінде келеді. Сатушылардың айтуынша, олар үлкен сұранысқа дайын. Олар киімдерді артығымен өндіріп, жекпе-жек аяқталғаннан кейін де сатылымға қоятын тауарларының болатынын айтады. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, жекпе-жек болатын күні T-Mobile аренасында боксшының қолғабын сатып алуға болады. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


© Тұрар Қазанғапов

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама