Том Леффлер Головкинның жекпе-жегі жайлы жаңалықтың таяуда шығатынын айтты

Санчес, Головкин және Леффлер. © ucnlive.com

Промоутер Том Леффлер ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинны? жекпе-жегі жайлы жа?алы?ты? таяуда шы?атынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның жекпе-жегі жайлы жаңалықтың таяуда шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Таяуда Головкин Лас-Вегаста америкалық Андре Уорд пен ресейлік Сергей Ковалевтің жекпе-жегін тамашалаған. Кездесу Уордың жеңісімен аяқталды. Ал Головкинның есебінше, Ковалев жеңімпаз атануы тиіс болған.

"Лас-Вегаста тамаша бокс кеші болды. Қазір GGG Парижге бара жол тартты, онда Jordan компаниясының шарасына қатысады. Жекпе-жек жайлы жаңалықты алдағы уақытта күтіңіздер", - деп жазды Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Қазірі уақытта Головкинның командасы Дэниэл Джейкобспен келіссөз жүргізіп жатыр. WBA белбеуіне талас жекпе-жегі желтоқсанда болуы керек еді, алайда америкалық оны 2017 жылға шегеруді сұрады. Соңғы сұхбатында Джейкобс Головкинмен наурыз айында жұдырықтасатынын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама