Лемье Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді

IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын", - деді канадалық боксшы.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news11
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама