Ломаченко қарсыласын нокаутқа түсіріп, есімі тарихқа кірді

© Instagram

P4P рейтингінде бірінші орында т?р?ан украиналы? боксшы Василий Ломаченко венесуэлалы? Хорхе Линаресті нокаут?а т?сіріп, же?іл салма?та (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. Жекпе-жек 12 мамыр к?ні кешке Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ?тті, деп хабарлады Allboxing.ru.

P4P рейтингінде бірінші орында тұрған украиналық боксшы Василий Ломаченко венесуэлалық Хорхе Линаресті нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. Жекпе-жек 12 мамыр күні кешке Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті, деп хабарлады Allboxing.ru.

Жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Ломаченко жекпе-жектің басында басымдық танытып, алайда алтыншы үш минуттықта соққы алып, нокдаунға түсті (мансабында алғаш рет - Авт.). Бұдан әрі екі боксшы да тең түсіп, алайда оныншы раундта Ломаченко бірнеше соққысын дәл бағыттап, Линарес жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.

Реклама
Реклама

Украиналық 30 жастағы боксшы бар болғаны 12 жекпе-жектен кейін үш түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған тарихтағы тұңғыш спортшы болып отыр. Бұған дейін ол бірінші және екінші жартылай жеңіл салмақта чемпион атанған болатын.

Жекпе-жек алдында Ломаченко "тарихта атын қалдырғысы келетінін" және бұл кездесуіне "қажетті саты" ретінде қарайтынын айтқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама