Лондон Олимпиадасының чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізбек

© ESPN.com

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, жақында ғана орта салмақта WBA белбеуін қайтарып алған Риота Мурата дивизион көшбасшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы жапон боксшысының промоутері Боб Арум айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Арумның айтуынша, Мурата орта салмақта мегафайт өткізуді қалайды, сондықтан келесі қарсыласын таба алмай жүрген Головкин және мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр. 

Реклама
Реклама

Ал Головкин "Канелоны" қыркүйекте трилогия өткізуге шақырған, бірақ мексикалық боксшы одан бас тартқан болатын. Оның орнына Альварес WBO-ның әртүрлі салмақтағы үш чемпионына ұсыныс жасаған еді.

Айта кетейік, Мурата 12 шілдеде америкалық Роб Брантты нокаутпен жеңіп, WBA белбеуін қайтарып алған болатын. Осылайша, жапон боксшысы былтыр күзде Брантта кеткен есесін қайтарды - ол кезде америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная