18 қазан 2020 11:31

Лопес Ломаченконы жеңіп, абсолют чемпион атанды

Фото: Eurosport.com ©

Украиналық боксшы Василий Ломаченко 23 жастағы америкалық Теофим Лопестен жеңіліп, барлық чемпиондық атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық боксшы Василий Ломаченко 23 жастағы америкалық Теофим Лопестен жеңіліп, барлық чемпиондық атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Америкалық боксшы жеңіл салмақта абсолют чемпион атанды.

Реклама
Реклама

Кездесуде Василий Ломаченконың WBC Franchise, WBA Super және WBO белдіктері сарапқа салынды. Ал Теофим Лопес IBF тұжырымы бойынша чемпион еді.

Алғашқы раундта екі спортшы да көп күш жұмсаған жоқ. Екінші раундта Ломаченко бірнеше жойқын соққы жасады. Соған қарамастан Лопес кездесуде белсенді көрінді, көп соққы жасады. Ол алтыншы раундта бұл көрсеткіш бойынша украиналық боксшыдан басым түсті.

Он бірінші раундта Ломаченко ашық шабуылға шықты. Лопес бірнеше жойқын соққыны жіберіп алды.

Соңғы раундта украиналық боксшы шабуылын үдете түсті. Соған қарамастан Лопес есесін жіберген жоқ. 

Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (116-112, 119-109, 117-111) Лопес жеңіске жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram