24 мамыр 2019 09:10

Мадияр Әшкеев карьерасында тұңғыш рет титул иегері атанды

instagram.com/madiyarashkeyev

Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0-0 (6 KO's ) бірінші орта салмақта WBC белбеулерінің жүйесіне енетін NABF Junior чемпионы титулын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0-0 (6 KO's ) бірінші орта салмақта WBC белбеулерінің жүйесіне енетін NABF Junior чемпионы титулын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әшкеевтің қарсыласы америкалық Сесил Маккалла болған. Жекпе-жек АҚШ-тың Тусон қаласындағы (Аризона штаты) бокс кешінде өтті. 

Реклама
Реклама

Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұл - Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

"Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді. 

Уалихан Қосанбай

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram