"Маған рингте мешоктар керегі жоқ" - Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) келесі қарсыласы белгілі болды және қазақстандық боксшы неліктен оны таңдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) келесі қарсыласы белгілі болды және қазақстандық боксшы неліктен оны таңдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегі 3 қарашаға белгіленген. Бокс кеші Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өтеді. Жәнібектің қарсыласы 32 жастағы Вон Александер (12-1, 8 КО) болатыны расталды.

"Мықтыны ұтсаң ғана мықты боласың. Мықтыны жеңгенде ғана чемпиондық белбеуге жақындайсың. Маған рингте мешоктар керегі жоқ. 3 қарашада 13 жекпе-жегінің 12-сін жеңген, бір ғана жекпе-жегінде төрешілер шешімімен ұтылған Ван Александрмен жұдырықтасамын, бұйыртса. Қазақ бокс стилін 3 қарашада әлем жанкүйерлеріне көрсетеміз", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін командалық Instagram парақшасы. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама