ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 маусым 2017 09:31
Майк Тайсон Головкин - "Канело" жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты
Бокс аңызына айналған Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл кездесу Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордың жекпе-жегіне қарағанда қызығырақ. Кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ меніңше, "Канело" тым жақсы. Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегіне келер болса, меніңше, бұл бокс үшін жаман емес, тіпті жақсы. Конор, сөзсіз, жеңіледі. Флойд қаншалықты тез жеңеді деген мәселе ғана тұр", - деп келтіреді Тайсонның сөзін Globo Esporte.
Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді, ал 16 қыркүйекте бұл аренада Головкин мен "Канело" жұдырықтасады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу