"Мақсатым - барлық белбеудің басын қосу". GGG әлі де абсолют чемпион болуды қалайды

© medium.com

?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин орта салма?та барлы? белбеуді? басын біріктіру - басты ма?саты екенін айтты. Сонымен ?атар, ол америкалы? Ванес Мартиросянмен ?тетін жекпе-жекте ?ателікке жол бермейтініне сенімді, - деп хабалайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта барлық белбеудің басын біріктіру - басты мақсаты екенін айтты. Сонымен қатар, ол америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жекте қателікке жол бермейтініне сенімді, - деп хабалайды Vesti.kz.

"5 мамырда нағыз жекпе-жек болады. Мен онда жеңіліп қала алмаймын. Қателесуге құқығым жоқ. Мартиросянды мен Афинада өткен Олимпиада ойындарында кездестірдім. Ол өте жақсы жігіт. Қалай дегенде, бокс- бұл ойын еместігін айта кету қажет. Бір соққы бүкіл жекпе-жектің тағдырын шешеді. Барлығына дайынмын. Мен өз стилімді білемін, күш-жігерімде де білемін. Өзімді жақсы қалыпта сезінемін. Шаршы алаңда мүлдем басқа адам боламын. Менің мақсатым - орта салмақта барлық белбеудің басын қосу. Алдымда кім тұсада мейлі. Шаршы алаңға шыққанымда, бұл менің күнім екенін білемін", - деді Головкин boxingnews24.com порталына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама