Мартиросян Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр?

Мартиросян Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр? Ванес Мартиросян. © hyefighters.com

Желіде орта салма?та?ы америкалы? боксшы Ванес Мартиросянны? (36-3-1, 21 КО) осы салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) ?арсы ?алай дайындалып жат?аны туралы видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Желіде орта салмақтағы америкалық боксшы Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы қалай дайындалып жатқаны туралы видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мартиросян - шыққан тегі армян боксшы. Бірақ қазіргі уақытта АҚШ намысын қорғайды. Оның жаттығу залында ұлттық аспаптармен Арменияның дәстүрлі мелодиясын ойнап тұрған топ жүр. Осылайша, боксшы алдағы кездесуге рухтанып, дайындалып жатыр екен.

Еске салайық, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Мартиросян жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнына басады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама